Қоғам

ҚР мәжілісі сотталғандарды бостандықтағы өмірге бейімдеу туралы заң жобасын қабылдады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуТігін цехында
Тігін цехында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасы Қазақстанда сот алды және пенитенциарлық пробация енгізуді қарастырады, оның мәні – түрмедегі азаматтарды бостандықтағы өмірге әлеуметтендіру.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik.  ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары пробация жөніндегі заң жобасын бір оқығаннан қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Заң күшіне енген күннен бастап жарты жыл ішінде рақымшылық жасалады

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың мәліметінше, Қазақстанда 2012 жылдан бері пробацияның екі моделі қолданылып келеді – үкімдік және постпенитенциарлық. Үкімдік пробация бас бостандығынан айыру жазасына кесілмеген сотталғандарға қатысты іске асырылады, ал постпенитенциарлық – түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты.

Ұсынылған "Пробация туралы" заң жобасы бұл тізімді кеңейтіп, елде сот алды және пенитенциарлық пробация енгізуді ұсынады.

"Сот алды пробация бойынша, күдіктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, мінез-құлқын түзетуді мақсат етеді, басқа қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алады", — деді Қасымов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

Екінші модель – пенитенциарлық пробация бойынша, сотталғанның түрмеден шығуына бір жыл қалған кезде, оны бостандықтағы өмірге бейімдей бастайды. 

Жаңалықтар
0