Әлем

Сарапшы: "Шапекоэне" өз тарихының елеулі бөлігін жоғалтып алды

© REUTERS / Paulo Whitaker"Шапекоэнсе" командасы футболшыларының қазасы
Шапекоэнсе командасы футболшыларының қазасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Футбол делегациясы Оңтүстік америкалық матчқа қатысу үшін Колумбияға ұшып бара жатқан.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Колумбияда апатқа ұшыраған ұшақта бразилиялық "Шапекоэнсе" футбол клубының ойыншылары мен команданың бұрынғы және қазіргі барлық жетекшілері дерлік болған, деп жазады Sputnik Mundo. 

 Lamia авиакомпаниясының ұшағы 29 қараша күні колумбиялық Медельин қаласының маңында апатқа ұшырады. Салдарынан 76 адам қаза тапты, олардың арасында ACESC вице-президенті Фернандо Шардонга және футбол бойынша Санта-Катарина (FCF) штаты федерациясының президенті Делфима ле Падуа Пейшото бар.   

"Бұл Санта-Катарина штатының футболы үшін ауыр соққы. Бізде, осы жылы Бразилияны ұсына отырып, Оңтүстік америкалық кубоктың тағдырын шеше алатын жоғары деңгейдегі команда болатын. Осындай деңгейдегі чемпионаттың финалына, халықаралық чемпионатқа біздің штат клубының қатысуының алғашқы үлгісі болар еді. Онымен шексіз мақтанған болар еді. Өкінішке орай, біз бүкіл командамыздан айырылып қалдық", — деді Sputnik Mundo агенттігіне  Санта-катарина штаты спорттық комментаторлар ассоциациясының президенті Жозе Мира. 


Жаңалықтар
0