АСТАНА, 30 қар — Sputnik Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел 18-23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, тұман, көтайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.