Қоғам

Елбасы үлкендерді құрметтеуге шақырды

© Photo : аккаунт в Instagram Даулета БижановаНұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбавта қонақта
Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбавта қонақта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Түнгі студияда" жастарға өсиет айтты.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан" телеарнасындағы Нұрлан Қоянбаевтың бағдарламасы "Түнгі студияда" болып, жастарды үлкендерге құрмет білдіруге шақырды.

"Үлкендерді сыйлап өткен қазақпыз, қарияларды қазынамыз деп, ананы сүйген, ананы құрметтеген адамбыз. Ананың ақ сүтінен артық еш нәрсе жоқ", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі таңда қарттар үйінде қариялардың көбеюіне қынжылып, бұрындары ол жерде қазақ қарияларының болмағанын баса айтты. 

"Қарттар үйінде қазақтың қариялары болмаушы еді бұрын, жастау кезімде. Басқалары болушы еді. Қазір барсам, қазақтың да қариялары сол жерде. Амалсыздан, жанына отырып, әңгімелескенде "Балаларыңыз бар ма?" деп сұраймын. Олар "қайтесің оны, қарағым сұрап соны, айтпай-ақ қой" дейді. Бәрі түсінікті. Сол кезде ішің ашиды, әрине. Анаға, әкеге жасаған жақсылық та, жаманшылық та өз балаларының алдына келеді. Әр уақытта ойланыңдар. Оларға бірдеңе бөліп берудің, жалақыларыңның жартысын беріп отырудың қажеті жоқ. Бес минут жанында отырып, мойнынан құшақтап, "папа", "мама" десең, соның өзі керек. Басқасының бәрі керегі жоқ. Айтарым осы еді сендерге", — деп түйді сөзін мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0