Қоғам

"Үш ағайындыны өлтіру" ісі бойынша үкім: төрт жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру

© Photo : Daniel Boneсот
сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот Алматы облысының ұш тұрғынын мал үшін өлтіру ісі бойынша нүкте қойды.

АСТАНА, 29 қар – Sputnik. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Көксу ауданының үш тұрғынының өлімі туралы қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлады өңірлік соттың баспасөз қызметі.  

Бұрын хабарланғандай, 2016 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысында үш ауылдастар жоғалып кеткен болатын. Еркектер Ұзынағаш ауылына малды сатуға кетіп, қайта қайтып келмеген. Кейіннен олардың денелері зорлықпен өлтірілген белгілерімен табылған. Қылмыскерлер мәйіттерді құмға көміп, ал көліктерін жағып жіберген. 

Архивное фото  стреляных гильз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы облысындағы өлім туралы іс "Нұр Отанның" бақылауында

Сотта зерттелген дәлелдемелер негізінде Талғат Сулейманов, Мұрат Оналбаев, Бақыт Байкасымов келесі қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сулейманов пен Оналбаев ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,8 тармақтары (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып екі немесе одан да көп адамды пайдакүнемдік ниетпен қасақана өлтіру), 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (адамдар тобының қару қолдану арқылы аса ірі мөлшердегі қарақшылық), 200-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жүк автокөлігін жымқыру мақсатынсыз заңсыз иелену), 202-бабы 2-бөлігі 1,5 тармақтары (ірі залал келтіріп өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша.

Сонымен қатар, Сулейманов 287-бабы 4-бөлігі (атысқаруын, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп танылды.

ҚҚ-тің 58-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша Сулеймановке түпкілікті мүлкi тәркiленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы айқындалды. Жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

ҚҚ-тің 58-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды iшiнара қосу арқылы Оналбаевқа түпкілікті мүлкi тәркiленіп, 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы айқындалды. Жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Байкасымов ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы айқындалды. Жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды және ол сот залынан қамауға алынды.

Сот сотталушы Сулейманов пен Оналбаевтан жәбірленушілер пайдасына моральдық зиянды өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ


Жаңалықтар
0