Әлем

Сауд Арабиясында қар жауды

© Photo : аккаунт rimshaKhan82 в TwitterСауд Арабиясында қар жауды
Сауд Арабиясында қар жауды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аномальды жауын-шашынның түсуіне байланысты билік өкілдері корольдік тұрғындарынан жолда абай болуды сұрайды.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Сауд Арабиясының тұрғындары ойда жоқта қар жауғанына таң қалуда деп хабарлайды RT телеарнасы.

Сауд Арабиясының шөл даласы қар жамылды. Елдегі суық айлардың бірі болып табылатын қарашада әдетте ауа температурасы плюс 20 градустан төмендемейтін, алайда елдің орталық және солтүстік-батыс өңірлерінде күтпеген жерден аномальды суық түсті.

Сауд Арабиясы тұрғындары бұл табиғи құбылысқа әзілмен қарап, ақшақар салуда. Азаматтық қорғаныс өкілдері корольдік тұрғындарынан тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануды сұрайды.

Жаңалықтар
0