Әлем

Колумбиядағы ұшақ апатынан алты адам аман қалды

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ бортында "Шапенкоэнсе" бразилиялық клубының футболшылары болған.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Колумбиядағы ұшақ апатында 81 адамның алтауы тірі қалды деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын "Шапенкоэнсе" бразилиялық клубының футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырады деп хабарланған еді. Апат Ла-Уньон ауданындағы Антиокия провинциясында болған.

​Univision телеарнасының мәліметінше, ұшақ бортында 72 жолаушы мен экипжаждың тоғыз мүшесі болыпты. Футболшылар Оңтүстік Америка кубогіне қатысу үшін Медельин қаласына бет алған екен.

Жаңалықтар
0