Қоғам

Елбасы "Түнгі студияға" қонаққа келді

© Photo : аккаунт в Instagram Даулета БижановаНұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбавта қонақта
Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбавта қонақта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан телеарнасындағы "Түнгі студияның" қонағы болды. Желі пайдаланушыларының болжамы бойынша теледидардан бұл шығарылымды 1 желтоқсан күні көруге болады.

АСТАНА, 28 қар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбавқа "Түнгі студияға" қонаққа келді. Бағдарламаның Instagram желісіндегі парақшасында елбасының бағдарлама жүргізушілерімен түскен суреттері жарияланды.

Тарих! 28.11.16 ж. 🇰🇿✊🏻

Фото опубликовано Бижанов Даулет Орынбасарулы ✋ (@bizhanov_daulet) Ноя 28 2016 в 4:39 PST

 

Эфирдің шығу уақыты әзірше белгісіз, алайда желі пайдаланушыларының болжамы бойынша теледидардан бұл шығарылымды 1 желтоқсан күні көруге болады.

"Түнгі студия" – әзілді  кешкілік теле жоба. Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша әңгіме өрбиді. Қатысушыларға орынды қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар қойылады. Бағдарламада жанды дауыста әртүрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ жұмыс істейді.


Жаңалықтар
0