АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, ірі әлемдік державалар бірлеспеген әрекеттері мен келіспеушіліктерін еңсере алатын болса ДАИШ-ты (Қазақстан мен өзге бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым) жеңе алатын еді.
"ИМ немесе ДАИШ-тың шағын аумағы, бірнеше он мыңдаған адамдар дейік. Әлемдік қауымдастық бірігіп, әсіресе ірі мемлекеттер біргетін болса жеңуге болады. Ал бүгіндегі бірлеспеген әрекеттер мен келіспеушіліктер, мұны кез келген экстремистік күштер пайдаланады", — деді ол "Россия 24" арнасына берген сұхбатында.
Қазақстандық көшбасшының пікірінше, ірі мемлекеттер арасындағы қазіргі келіспеушілік экстремистер мен террористтерге "өміршеңдік кеңістігін" береді.
"Мұндай қауіп бар, егер дұрыс дүниежүзілік коалиция құрылып, барлығы бірге осыған тап берсе мұндай қауіптің болмауы мүмкін", — деген сенімде Қазақстан президенті.