Видео

Кубаның Қазақстандағы елшілігі 9 күн бойы аза тұтады

Жазылу
Кубаның Қазақстандағы елшілігі Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты көңіл айтулар қабылдап жатыр. Қазақстандықтардың дипломатиялық миссияның ғимаратына гүл шоқтарын алып барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырып жатқанына үш күн болды.

Фидель Кастро - Sputnik Қазақстан
Әлем
Фидель Кастро қайтыс болды
Фидель Кастро 25 қараша күні Гаванада 90 жасында қайтыс болды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жедел хатын жолдаған әлемдік көшбасшылардың ең алғашқыларының бірі болды.

Кубаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Энрике де Консепсионның сөзіне қарағанда, Кубада 4 желтоқсанға дейін аза тұту күні жарияланған. Кубаның Астанадағы елшілігі осы апта бойы көңіл айту үшін ашық болады. 


Жаңалықтар
0