Оқиға

Ақтөбедегі терактінің жеті қатысушысы өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталды

© АP Photo/Vadim Ghirda, FileТүрме.
Түрме. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде 2016 жылғы 5 маусымда теракт болды, бір топ адам екі қару дүкені мен әсери бөлімшеге шабуыл жасады

АСТАНА, 28 қар – Sputnik. Ақтөбедегі терактіге қатысты іс бойынша жеті қатысушы өмір бойынша бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды өңірлік Диапазон басылымы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, соттық сөз жарысы барысында, мемлекеттік айыптаушы, террористік акт жасады деп айыпталған тоғыздың жетеуін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтеуге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған. Істің қалған қатысушылары үшін мемлекеттік айыптау әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру және бостандығын шектеу жазасын тағайындады сұраған. 

Теракті жасады деп айыпталған 7 адам — Жаңабай Қуанышбаев, Бақыт Қуанышбаев, Әлібек Ақпанбетов, Арсен Таңатаров, Асхат Рахметов, Ануар Садихов, Асхат Иманғалиевтердің мүлкін тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттады. 

Тағы екеуі: Азамат Абдрахмановтың мүлкін тәркілеумен 20 жылға бас бостандығынан айыруға, Айдос Жұбанов 22 жылға сотталды. Жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. 

Оларды адамға, мүлікке және қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп таныды. 

Іс бойынша басты сот отырысы қазан айының соңында Ақтөбе облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталған. Сот жабық тәртіпте өтті. Сот алдында 29 адам жауап берді.  Олардың 9-ы бірқатар қылмыс жасады деп айыпталды, сол айыптардың ішінде теракт ұйымдастыру да бар. 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламады деп, ал екеуі қылмыс туралы жасырды деп айыпталды.


Жаңалықтар
0