Kazakhstan fashion week 2016: заманауи үлгілер мен урбанизм
Kazakhstan fashion week 2016: заманауи үлгілер мен урбанизм
Sputnik Қазақстан
Қазақстан сән апталығының ашылуы мен алғашқы коллекциялары жиналған жұртты жаңа үлгілер және футуристік дизайнмен таң қалдырды. 28.11.2016, Sputnik Қазақстан
Қазақстан сән апталығының ашылуы мен алғашқы коллекциялары жиналған жұртты жаңа үлгілер және футуристік дизайнмен таң қалдырды.
Көрермендер алдағы жылдың көктемгі көтеріңкі көңілкүйіне бөленіп, аптап жазды да сезініп үлгерді. Отандық танымал брендтер халыққа жаңа коллекциялар ұсынды.
Kazakhstan fashion week 2016 екінші күні атақты ресейлік дизайнер Александр Арутюновтың коллекциясы көрсетіледі.
Дизайнер Ольга Ким "Қарлығашқа арнау" коллекциясын қала өміріне тез үйреніп кететін кішкентай тынымсыз құсқа арнады, ол құсты мегаполистің қазіргі заманғы қыздарымен салыстырады.