АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Қазақстан елордасының "Барыс" хоккей клубы жексенбі күні өз мұз алаңында Хабаровскінің "Амурын" овертаймда 2:1 есебімен жеңді.
Астаналық клубтың бас бапкері Эдуард Занковичтің пікірінше, ойынның өзекті кезеңі, қазақстандық команданың соңғы үш ойында алғаш рет матч экваторында қарсыластарына есе жібермегенінде болған.
"Маған екінші кезең қаттырақ ұнады. Команда жаман ойнаған жоқ, өкінішке орай бұл күрделі және қауіпті сәттерге соқтырған жоқ. Бірақ егер соңғы екі ойында екінші кезеңнің проблемалы болғанын ескерер болсақ, бүгінгі ойында жағдайды жақсартқан", — деді "Барыстың" бас бапкері.