АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Алматылық футзал клубы "Қайрат" жексенбіде өз тарихында сегізінші рет УЕФА төрт кубогының финалына шықты.
Матчы Алматыда өткен футзал бойынша УЕФА кубогы элиталық раундының А тобында "Қайрат" жүз пайыздық нәтиже көрсетті. Ол жексенбі күні латвиялық "Никарсты" 4:1 есебімен жеңді. Жеңімпаздар арасында голды Игор мен Диваней (үш рет) соқты.
"Қайраттың" қақпасына жалғыз голды алаң иелерінің ойыншысы соқты. Финалдық ысқырыққа бес минут қалғанда Нето өз қақпасына доп кіргізді.
Бұған дейін Алматылық футзал клубы "Қайрат" бейсенбіде Италияның вице-чемпионы "Реал Риетиді" аздаған басымдықпен 3:2 есебімен жеңген болатын.