АСТАНА, 27 қар – Sputnik. Финалдық жекпе-жекте Ахмедов украиналық Павел Гуляны 4:1 есебімен ұтты деп хабарлайды қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Спортшы жекпе-жек барысында шабуылды үдетіп, қай жағынан алғанда да қарсыласынан басым көрінген.
Садриддин 8 жасынан бастап бокспен шұғылданып келеді, бапкері Мәулет Мұстафин. Жетістіктерінің ішінде ең елеулісі – 2011, 2014, 2015 және 2016 жылдардағы Қазақстан чемпионы атағы.
Санкт-Петербургте қазақстандықтар күміс жүлделерге де қол жеткізді – 56 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Саматәлі Толтаев финалда америкалық Марк Кастродан ұтылып қалды, ал 75 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде – Бек Нұрмағамбет финалда Вильям Хатчисоннан жеңіліс тапты. Бекзад Нұрдәулетов қола жүлдегер атанды.