АСТАНА, 26 қар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы алты метр және биіктігі төрт метр болатын көшкін таудан темір жолға түсіп, апатқа себеп бола жаздады, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Огневка-Ермаковка аралығының 58-ші шақырымында ұзындығы алты метр және биіктігі төрт метр болатын көшкін таудан темір жолға түсті. Сенбіге қараған түні 52 вагоны бар салмағы 3000 тонна құрайтын №3130 жүк пойызы Защита станциясы бағытында жолға шыққан.
Серебрянка-Защита темір жолының учаскесінде локомотивті бригада машинистіне пойызды төтенше тоқтатуға тура келді. Осылайша, құрамның қар көшкінімен соқтығысуынан аман алып қалды.
Пойыздың мәжбүрлі тоқтау орнына темір жолды қардан тазарту үшін жол көлігі келді. Пойыздың кешігуі 4 сағатқа жуық болды. ТЖ комитетінің ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең көшкін түсу қауіпті жоғары аймақ болып табылады.