Спорт

Алексей Ни: менің отставкам – бұл өзімнің спорттық отбасыммен тілектестігім

Жазылу
Алексей Ни ауыр атлетика бойынша ҚР құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешімін тәрбиеленушілерінің наградалардан айырылуымен байланыстырды.

АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Қызметінен кету туарлы өтініш білдірген Қазақстанның ауыр атлетика бойынша бас бапкері өзінің шешіміне пікір білдірді. 

Танымал маман Қазақстан құрамасын 1994 жылан бері басқарған. Оның жетекшілігімен ұлттық команда алты Олимпиада ойындарына қатысты. Оның қызметтен кетуі туралы жұма, 25 қараша күні белгілі болды. Ресми түрде Ни кешке қарай ғана жариялады.

Ни құраманың бас бапкері қызметінен кету шешімін өз еркімен қабылдағанын атап өтті. "Алғаш рет мен бұл туралы жігіттерімнің допинг сынамалары ре-талдамалар процессі басталғанда, яғни Риода өткен Олимпиада ойындарының қарсаңында ойландым. Ол кезде цейтнот болатын, команданы дайындап алға жүру қажет болатын. Өзіме алған міндеттерді орындауға тиіс болатынмын. Алайда, сол кездің өзінде мен өзім үшін шешім қабылдап қойдым: спортшыларды қорғай алмай, олар наградаларынан айырылған жағдайда – мен бұл қызметте бұдан әрі істей алмаймын, жігіттермен бірге кетемін", — деді Ни. 

Оның сөзіне қарағанда, ең жақын уақытта жаңа бас бапкер тағайындалады. Ол командамен жаңа олимпиадалық циклда жұмыс істейтін болады. 

"Мен сол екі Олимпиадада бас бапкер болдым, сондықтан менің командама болған жағдайларға жауаптымын. Мен еліміздің спорт басшылығына – министрлікке, Ұлттық олимпиада комитетіне, менің қызметтен кету туралы өтінішімді қабылдаған Федерацияға өте ризамын. Барша қазақстандықтарға осы жылдар бойы маған және менің командама көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін ерекше рахмет айтқым келеді. Менің отставкам – кінәмді мойындау емес, медальдер мен Риодаға Олимпиада ойындарында өнер көрсету мүмкіндігінен айырған өзімнің спорт отбасыммен тілектестігім", — деп атап өтті Ни. 

ХОК қазақстандық алты ауыр атлеттің медальдерін қайтарып алды. Соңғы деректер бойынша, Илья Ильиннің 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиадалардағы нәтижесі жойылған еді. Одан бөлек, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Ирина Некрасова және Мария Грабовецкая медальдерінен айырылып қалды.


Жаңалықтар
0