АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Қазақстандық депутаттар өзінің құрметіне ҚР елордасының атауын өзгерту туралы ұсыныстан бас тартқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін мәңгі есте қалдыру бойынша өзге нұсқа ұсынуы мүмкін, деп мәлім етті Sputnik Қазақстанға танымал қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев.
Әшімбаевтың атап өтуінше, президенттің бас тартуы күтілген. Мұндай бастамалар бұрындары да көтерілген, оның ішінде парламентте де. Президент барлық кезде мұндай ұсыныстардан бас тарқан.
"Бұл жерде "Астана" брендін алға жылжытуға күш жұмсалғанын есте сақтау қажет — қаланың жарнамасына да, ЭКСПО-ға да. Енді қала атуын өзгерту… жасалған жұмыстардың бәрі бос болып қалады. Бұдан бөлек, бұл ұсынысқа деген көзқарас, өте мысқылшыл дер едім", — деді Әшімбаев Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Политологтың айтуынша, атауын өзгерту туралы ұсыныс жарияланған сценарийді жеке депутаттардың бастамасы деп қабылдаудың қажеті жоқ.
"Мұндай дүниелер президенттің бұқарашылдығын көрсету үшін жасалып отырады. Белгілі бір ұсыныс жасалып, президент одан бас тартады. Қоғамда бұған деген белгілі бір оң көзқарас қалыптасады", — деп қосты сарапшы.
"Президенттің құрметіне Астананың атауын өзгерту туралы ұсыныстан немесе конституцияда оның еңбегін атап өтуден бас тартуына парламенттің президентке басқаша құрмет білдірудің дайын сценарийі болуы мүмкін. Бұл жерде варианттар болуы мүмкін. Бір сценарийден бас тартылды, меніңше, енді "Б жоспарының" уақыты келеді ", — деді Әшімбаев.
Бұл "Б жоспары" сондай жойқын бастама болмауы мүмкін, бірақ елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныстан кейін, қандай да бір үлкен энтузиазммен қабылданады.
Бір күн бұрын, 23 қарашада, Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын өзгертіп, оны елдің президенті есімімен байланыстыру ұсынысын талқылады. Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған болатын.