Халықаралық тілшілер федерациясы Sputnik агенттігінің цензураға қарсы күресін қолдады

© SputnikSputnik
Sputnik - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. 23 қараша күні Еуропалық парламент "Үшінші тарапты насихаттауға қарсы іс-қимыл ретінде ЕО стратегиялық коммуникациялары" резолюциясын қабылдағаннан кейін Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы Халықаралық және Еуропа тілшілер федерациясының қолдауына ие болды. Сөз бостандығын шектеуге бағытталған және Sputnik сияқты БАҚ қызметіне тосқауыл қоятын бұл шешімді екі халықаралық кәсіби ұйым сынға алды. Халықаралық тілшілер федерациясы президенті Филипп Леру мен Еуропа тілшілер федерациясының бас хатшысы Рикардо Гутиере Sputnik агенттігін қолдайтындарын білдіріп, хат жолдады.

Бұл резолюция қабылданғаннан кейін Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі үшін күресетін еуропалық және америкалық ұйымдарды бұл шешім салдарының алдын алу үшін шара қолдануға шақырды. ЕО-да сөз бостандығына қол сұғуды тоқтату туралы өтініш жазылған және бас редактор Маргарита Симоньянның қолы қойылған хат БҰҰ, ЮНЕСКО және Шектеусіз репортерлер сияқты бірқатар ұйымдарға жіберілді.

Еуропа тілшілер федерациясының бас хатшысы Рикардо Гутиере Еуропалық парламенттің бұл әрекетін "демонизация және цензура" акті деп бағалап, "қырғи-қабақ соғысының" нығаюы деп атады. Сонымен қатар, ол ресейлік БАҚ ИГИЛ террорлық ұйымымен (Ресей Федерациясы территориясында тыйым салынған) салыстыруды қатты сынға алды. 43 Еуропа елдерінің 320000 тілшілерінің басын қосқан кәсіби медиа қауымдастықтың атынан Рикардо Гутиере ЕО-ты "тәуелсіз журналистика мен БАҚ плюрализмін дамытуға" шақырды.

Халықаралық тілшілер федерациясының президенті Филипп Леру бұл резолюция туралы өз пікірін білдірді: "Менің пікірімше, бұл бұқаралық ақпарат құралдарына Еуропарламент тарапынан тағылған айыпқа қарсы өз мүддесін қорғауға мүмкіндік беру керек. Оларға мұндай мүмкіндікті ешкім бермеген сияқты… Еуропалық парламент, Халықаралық және Еуропа тілшілер федерациясы сөз бостандығын жақтайды. Сөз бостандығының негізгі қағидасы – деректерге қол сұқпау және бұл деректер туралы емін-еркін пікір білдіруге мүмкіндік беру. Айтылған пікірлер бізге ұнамаса да, бұл принцип сақталуы тиіс". 

Еуропарламентте 691 депуттатың ішінде 304 адам ғана бұл резолюцияны жақтап дауыс берген. Қалыс қалғандардың жалпы саны 208 адамды құрайды.

Sputnik (sputniknews.com)  — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Жаңалықтар
0