Оқиға

Каспийдегі әскерлердің өліміне кінәлі офицерлерге үкім шығарылды

© Sputnik / Тарас Литвиненко / Медиабанкке өтуӘскери жаттығу
Әскери жаттығу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2015 жылы Каспийде оқу-жаттығу барысында сарбаздардың қаза табуына кінәлі "Запад" аймақтық командованиесің бұрынғы командирлері 1,5 жылдан 2,5 жылға дейін колонияға қамалады.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Каспийде оқу-жаттығу барысында сарбаздардың қаза табуына кінәлі офицерлер шынайы жаза мерзіміне кесілді деп хабарлады Ақтау гарнизонының әскери соты Sputnik агенттігіне.

Ақтау қаласы гарнизонының әскери соты жұма күні "Запад" аймақтық командованиесің бұрынғы қолбасшысы, полковник Мұрат Нұғымановты, теңіз жаяу әскері бригадасының бұрынғы командирі, подполковник Ерболат Толықбаевты және 25744 әскери бөлімшесінің теңіз жаяу әскері командирінің орынбасары Рашид Жылқыайдаровты 2,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. 25744 әскери бөлімшесінің екінші батальоны 5 ротасы теңіз жаяу әскерінің екінші бөлімінің командирі, кіші сержант Абай Баймұратов 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"25744 әскери бөлімшесінің жаяу әскер взводының командирі, аға лейтенант Бауыржан Төлегенов пен 25744 әскери бөлімшесінің екінші батальоны 5 ротасы теңіз жаяу әскерінің үшінші бөлімінің командирі, кіші сержант Ерасыл Күбегенді алты айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушылар 15 күн ішінде бұл үкімге шағым түсіре алады.

Былтыр қыркүйек айында теңіз десантын Каспий теңізіне қондыру әскери жаттығуы кезінде төрт БТР-80 теңізге батып, төрт әскери қызметкер қаза тапқан болатын. 

Жаңалықтар
0