АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Алексей Ни ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті деп хабарлады ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Танымал маман Қазақстан құрамасын 1994 жылдан бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен ұлттық команда алты Олимпиада ойындарына қатысты.
Алексей Нидің қызметтен кету себептері туралы федерация ештеңе айтқан жоқ. Бұл шешім Қазақстан спортшыларына қатысты допинг даулардың аясында қабылданып отыр.
ХОК қазақстандық алты ауыр атлеттің медальдерін қайтарып алды. Соңғы деректер бойынша, Илья Ильиннің 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиадалардағы нәтижесі жойылған еді. Одан бөлек, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Ирина Некрасова және Мария Грабовецкая медальдерінен айырылып қалды.