АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Қалың қар жауған күні экстермал шаңғышыны Алматы орталығындағы Фурманов көшесімен сүйреткен жеңіл автокөлік жүргізушісінің кім екені анықталып, айыппұл салынды деп хабарлады қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"1991 жылы туылған жүргізушінің кім екені бақылау камераларының көмегімен анықталып, ӘҚК 593-бабы, бірінші бөлігі бойынша (Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу) 5 АЕК (1 АЕК – 2121 теңге) көлемінде айыппұл салынды", — деді агенттікке сұхбат беруші.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалада жол жүру ережесін дәл осылай бұзған сноубордшыларды іздеу жалғастырылуда.