АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Бұрқасын тұрып, ештеңе көрінбеген соң республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылған. Оған қарамастан жұмаға қараған түні құтқарушыларға адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Боран Шимонаихин ауданы Ассымпное ауылы мен Усть-Таловка кенті арасында 15 көліктен тұратын колоннаның қозғалысын тоқтатып қойды.
"Түн ортасында үш баланы қосқанда 21 адам қар құрсауында қалып қойды. Жолды ТЖ жергілікті атқару органдарының өкілдері тазартты. Шаруа қожалығының техникасының көмегімен жол тазартылды. Колоннаны Усть-Таловкаға дейін шығарып салды", — деп хабарлады ТЖД.