Оқиға

МСМ: қазақстандық атлеттердің қанындағы допинг – тамақтану нәтижесі

© AP Photo/ Felipe Danaдопинг сынамалар өткізу
допинг сынамалар өткізу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениет және спорт министрлігінде медальдерінен айырылған бірде-бір қазақстандық олимпиадашының тыйым салынған препараттарды әдейі қабылдамағанына сенімді, бірақ допинг пайдалану үшін қылмыстық жауапқа тарту идеясынан бас тартып отырған жоқ.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Сәкен Мұсайбековтің пікірінше, Пекин мен Лондон медальдерінен айырылған қазақстандық олимпиада чемпиондарының допинг-сынамаларында табылған тыйым салынған препараттардың болуы олардың тамақтану нәтижелері. 

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алғандығы хабарланған еді.

"Сіздерді Илья Ильин барынша толғандырып отыр. Бірақ, бізде допингтен зардап шеккен спортшылар көп. Олар допингтің болғандығын айтқан емес. Өздеріңіз де білетіндей, 2008 жылы көптеген спортшы зардап шекті. Сол жылы сынама тапсырғаннан кейін біздің спортшылар таза болған еді. Лондонда да тапсырған сынамалары таза болды. Бірақ, 2013 жылы қандағы, спортшының ағзасындағы тыйым салынған препараттарды анықтаудың жаңа әдістемесі шықты. Өкінішке орай, қалай түскенін білмеймін. Дегенмен, споршыларға арналған тағамдар мен тағам қоспаларына күдігім бар. Сол уақытта анықтай алмаған еді. Алайда, жаңа технология, зерттеудің жаңа әдістемесі бұл препараттардың спортшыларда бар екендігін көрсетіп отыр", — деді ол журналистерге.

Сонымен қатар ол мұндай жайт барлығына ауыр соққы болып тигенін де жасырмады.

"Мен оның Бейжіңдегі өнерін тамашаладым,  олимпиадалық рекорд жасағанын Лондонға барып көрдім. Адам ретінде, спортқа жауапты министрліктің қызметкері ретінде өте ауыр, — деді Мұсайбеков.


Жаңалықтар
0