АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Өскеменде бейсенбі күні таңертең автокөлік трамвайға соғылды, нәтижесінде көлік вагон мен бағананың арасына қысылып қалған деп жазады жергілікті YK-news.kz басылымы.
Апатты куәгерлер бейнежазбаға түсірген. Олардың пайымдауынша, тайғақ жолдан автокөлік дөңгелегі тайып кеткен.
"Сағат 7:30 кезінде ММС (Металлургтер мәдениет сарайы) жақтан келе жатқан автокөлік ресльке шығып кетіп, айналып барып трамвайға соғылды, — дейді ер адам. – Нәтижесінде көлік қозғалып келе жатқан вагон мен бағананың арасында қалып қойды. Алғаш көрген сәтте ішіндегі адамдарға не болды екен деп ойладық. Құдай оңдап, көлікте жүргізуші ғана болған, ауыр жарақат алған жоқ, тек аяғын ауыртып алыпты. Оны бір жарым сағаттан кейін құтқарушылар шығарып алды. Шопырдың айтуынша,баласын балабақшаға апарып келе жатқан беті екен".
Полицейлер жол апаты себептерін анықтады.