Әлем

Түркияда әкімшілік ғимараты маңындағы жарылыста екі адам қаза болды

© AP Photo Түркия
Түркия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адана провинциясы әкімшілігі ғимаратының жанында миналанған автокөлік жарылып кетті.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Губернатор Махмут Демирташ бейсенбі күні мәлімдегендей, Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясы әкімшілігі ғимаратының жанында болған жарылыста екі адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды; әйел адамға теракт істеді деген күдік тағылып отыр деп хабарлады РИА Новости NTV-ға сілтеме жасап.

Миналанған автокөлік жергілікті уақыт бойынша 8.05-те (Астана уақыты бойынша 11.05) жарылған.

"Бүгін таңертең әкімшіліктің кіре берісінде көлік жарылды. Бұл терактіні жасағаны үшін әйел адам күдікке ілініп отыр", — деп NTV телеарнасы губернатордың сөзін дәйектейді.

Бұдан бұрын Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясының мүшелері бірнеше рет миналанған көлікпен жарылыс ұйымдастырған болатын.

Жаңалықтар
0