Әлем

Бразилиялықтар ақшаның астында қалды: Рио жағасында реалдар қалқып жүр

© SputnikРио-де-Жанейро
Рио-де-Жанейро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қомақты ақша сомасы Рио-де-Жанейро жағасына қалқып шығып, жергілікті балықшылар мен жағажай демалушыларын абыр-сабыр қылды.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Бразилия қаласында ерекше оқиға орнады; Рио-де-Жанейроның оңтүстік бөлігінде жағажайда демалып жатқан жұрт қайдан екені белгісіз, әйтеуір, жағаға қалқып шыққан ақшаға қарық болды деп хабарлайды Sputnik Бразилия.

50 және 100 реал банкноттарынан құралған қомақты ақша сомасы ойда жоқта теңізде пайда болды. Ақшаны көрген жұрт ластығына қарамастан теңізге лап берді. Жергілікті балықшылар ауларына 1000 реал (шамамен 300 доллар) көлемінде ақша түсіргендерін мәлімдейді. 

Жағалауға жақын орналасқан мейрамхана қызметкері Кэйт Негрейростың сөзіне сүйенсек, теңізде ақша пайда болғаны туралы хабар тарағаннан кейін жағажайға жиналған халық дүрлігіп, бірнеше күннен соң адамдар байлық іздеп суға сүңги бастаған. 

Бұл ақшаның теңізге қалай келгендігі әлі анықталған жоқ.

Жаңалықтар
0