АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Археологтар шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 5316 жылы салынған ежелгі египтеттік қала мен қорым тапты деп жазады РИА Новости AFP басылымына сілтеме жасап.
Ежелгі дәуір істері бойынша министр Махмуд Афифидің хабарлауынша, қала Жоғарғы Египет тарихи облысы ежелгі Абидос қаласында Сети І еске алу ғибадатханасынан 400 метрдей жерде табылған. Оның айтуына қарағанда, қазба барысында археологтар тұрғын үйлер, қыш бұйымдар мен тастан жасалған құралдар тапқан.
Сонымен қатар, болжам бойныша лауазымды тұлғаларға арналған 15 ірі оба табылған.
"Бұл қазба Абидос қаласының тарихы туралы көптеген жаңалықтар ашуы мүмкін", — дейді министр.
2014 жылы АҚШ археологтары Абидос қаласынан дүние жүзіне беймәлім Сенекбей перғауынның моласын тапқан еді.