Спорт

"Барыс" "Куньлуньді" ойсырата ұтты

Жазылу
ҚХЛ-ның бірінші ресми шығыс кездесуінде төбелес, мерзімсіз дисквалификация болған жоқ.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Қазақстандық хоккей клубы "Барыс" сәрсенбі күні өз айдынында өткен Құрлықтық хоккей лигасы матчында қытайлық "Куньлунь Ред Стар" клубын 4:1 есебімен ұтты.

Тафгай Барыса побил игроков Куньлунь. Кадры драки - Sputnik Қазақстан
"Барыс" тафгайы "Куньлунь" ойыншыларын ұрып тастады

Ойынның үшінші минутында "Барыс" ойыншысы Никита Иванов алыстан шайба лақтырып, есепті ашты. Бесінші минутта Кэм Баркер айдын иелерінің басымдығын пайдаланып, есепті екі еселеді. Екінші жиырмаминуттықта Дамьен Флери бір шайба соққанымен, матчтың соңғы кезеңінде Найджел Доус пен Роман Старченко есепті 4:1 қылды.

Бұл матчтың қорытындысы бойынша "Барыс" ҚХЛ шығыс конференциясында 31 ойын өткізіп, 45 ұпаймен сегізінші орында қалды. 

Астаналық клуб келесі матчты 25 қарашада өз айдынында "Адмирал" (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

Жаңалықтар
0