АСТАНА, 23 қар – Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Пекин мен Лондон олимпиадаларындағы медальдерінен кері қайтарып алу туралы халықаралық олимпиада комитетінің хабарламасы туралы пікір білдірді.
"Қазір мен есеңгіреп қалдым, әрине. Бүгін ағылшын тіліне жаттығуыма барғалы жатқанымда БАҚ-тардан осы жаңалықты білдім. Бұл туралы мен ел сияқты БАҚ-тан біліп отырмын. Таңғалдым, кейін жаттығуға бардым, әлі де штанга көтеріп жүрмін. Өйткені ол менің жұбанышым. Өйткені ол қуат береді. Кездесіп, әңгімелесу керек, жиналу керек, бәріне ел болып, қандай да бір шешім жасау керек, оның үстіне халық уайымдап жатыр.", — деді Ильин баспасөз мәслихаты барысында.
Ол сондай-ақ, халқыма риза екенін атап өтті.