Оқиға

Алматыда дәмхана өртеніп жатыр

© Photo : соцсети / Макс БенькоАлматыда "Ангар" кафесі өртеніп жатыр
Алматыда  Ангар кафесі өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төлеби көшесіндегі екі қабатты "Ангар" дәмханасы өртеніп жатыр. Ішінде адамдар болуы мүмкін.

АСТАНА, 23 қар – Sputnik. Алматыда екі қабатты дәмхана ғимаратында өрт шықты, өрт сөндірушілер қызметтеріне кірісіп кетті, деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.   

"Өрт туралы ақпарат 17:43-те өз көзімен көрген адамнан келіп түскен. Алдын ала берілген дереккөздерге сүйенсек, Төле би 239 мекен-жайында орналасқан екі қабатты "Ангар" мейрамханасы өртенген. Аталған жерге барлық күштер мен құралдар жіберілген", — деп хабарлады ТЖД өкілі.

Оның мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, дәмханада адамдардың бар-жоғы анықталуда. 


Жаңалықтар
0