Әлем

Қазақстан тумасы кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда өлтіріп кетті

© Photo : Creativ3mindsМұса Мұсалаев
Мұса Мұсалаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда атып кеткен, оның орыс мафиясына қатысы болуы мүмкін.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Кикбокс бойынша бірнеше мәрте әлем чемпионы, Prince деген лақап аты бар ресейлік Мұса Мұсалаевты 18 қарашада неміс қаласы Ной-Ульмде  атып кеткен деп хабарлайды Р-Спорт Bild басылымына сілтеме жасап.

Жалдамалы жендет көлікке мініп, қылмыс орнынан қашып кеткен. Болған оқиғаның анық-қанығы мен себептері анықталуда. Бірақ, тергеушілердің пікірінше, бұл қылмыс Битигхайм-Биссинген қаласынан шыққан 37 жастағы кикбоксшының өлімімен байланысты болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, Мұсалаевтың орыс мафиясына қатысы болуы ықтимал. Бірақ бұл мәліметті растайтын ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар, оқ атқан адамның сыбайластары болғандығы айтылды. Мұсалаевты тұрып жатқан үйі маңында тапанша немесе револьвермен атып кеткен. Тергеу ісі бойынша, шабуыл жасағандар боксшыны білуі мүмкін.

Мұсалаев кикбокс бойынша өтікізген 17 жекпе-жекте жеңіске жеткен, ал аралас жекпе-жекте 15 рет қарсыласын ұтқан. 2013 жылдан бері Германияға қоныс аударыпты. Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановтың жарлығымен Қазандағы Универсиада-2013 ресми елшісі болып тағайындалған. 

Мұса Мұсалаев 1979 жылы 3 сәуірде Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. 

Жаңалықтар
0