АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Адвокаттар тобы Илья Ильиннің медальдері мен атақтарына қатысты мүддесін қорғауды жалғастырады, сонымен қатар спортшыны дисквалификациялау мерзімін жеңілдету үшін шара қолданбақшы деп хабарланды Қазақстан ауыр атлетика федерациясы сайтында.
Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алғандығы хабарланған еді.
Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы Илья Ильиннің "А" және "В" допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.
Федерацияның ресми хабарламасында айтылғандай, адвокаттар тобы Илья Ильиннің әлемдік және құрылықтық біріншіліктерде жеңіп алған медальдері мен атақтарына қатысты мүддесін қорғауды жалғастырады, сонымен қатар спортшыны дисквалификациялау мерзімін жеңілдету үшін шара қолданбақшы. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жуық арада дисквалификациялау мерзімі туралы шешім шығарады.