Оқиға

Пактің ісі бойынша тыңдау сот залында жарық сөніп қалғандықтан кейінге қалдырылды

© SputnikҚарағанды облыстық соты
Қарағанды облыстық соты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак жалған терроризм үшін айыпталып, сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсірген.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Сот залында жарық сөніп қалғандықтан, Қарағандыдағы Пактің ісі бойынша апелляциялық тыңдау 28 қарашаға шегерілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Судебный молоток - Sputnik Қазақстан
Видео
Судья: Юрий Пактың алибиі жоқ

Қарағанды облыстық сотында жалған терроризм үшін айыпталып, сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылған физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактің ісі бойынша апелляциялық шағым қаралуда.

Апелляциялық коллегия отырысы сағат 11-де басталған еді. Сот залына сотталған азаматтың көптеген достары, туыстары мен әріптестері және тілшілер жиналды. Ал, сотталған мұғалім Юрий Пак сот залына әкелінбеді.

Адвокат Сергей Ким қылмыстық іс барысында Юрий Пактің тұлғасын сипаттайтын бірнеше құжаттарды қарауға өтініш білдірді. Құжаттардың арасында "Қазақстандағы корейлер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің мұғалімге берген мінездемесі де бар. 

"Сот өзара ақылдасып, өтінішті қабылдауға шешім шығарды", — деді қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов. 

Іс бойынша жаңа деректер пайда болғандықтан, сот тыңдауды бір жарым сағатқа шегеруге шешім қабылдады. Үзілістен кейін сот залында жарық сөніп қалғандықтан, апелляциялық тыңдау 28 қараша күні сағат 9:00-ге  қалдырылды.

Жаңалықтар
0