Қоғам

Қазақстандық Аяз Ата хаттар қабылдай бастады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАяз атаға хат
Аяз атаға хат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Аяз ата ғажайыпқа сенетін барлық баладан хаттар қабылдауға дайын: Аяз Ата жетім балаларға, аз қамтылған жанұялардағы балаларға сыйлықты өз қолымен ұсынуға дайын, ал қалғандарына құттықтау хаттарын жіберуге уәде береді.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. "Қазпочта" АҚ "Аяз атаға хат жаз" деп аталатын жаңа жылдық акцияның іске қосады; хаттар 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады деп хабарлады компания баспасөз қызметі.

Барлық алынған хаттар "Қазпочта" АҚ-да жиналып, сұрыпталады, ал құрамына компанияның қызметкерлері мен серіктестері кіретін арнайы комиссия сыйлықтарды табыстау үшін хаттарды таңдайды. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобының балаларынан, жетім балалардан және жағдайы төмен отбасылардың балаларынан келген хаттарға сөзсіз басымдылық беріледі.

Финдік Санта-Клаус Екатеринбургке келді - Sputnik Қазақстан
Фото
"Үсіткен" мейрам: Аяз Ата мерей тойын атап өтуде

"Өткен жылы біз серіктестерімізбен бірге мыңға жуық сыйлық сыйладық және бұл жоба жаңа деңгейге шықты – бізді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолдап, балаларға өз атынан сыйлық жіберді. Осы жылы отандастарымыздың балаларының тілектері орындалуына көмектескісі келетін министрлер мен ірі компаниялардың басқарма төрағалары да оның жолын жалғастырады деп сенеміз" — деді "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.

Республиканың барлық өңірінде балаларға сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар костюмін киінген компанияның қызметкерлері, серіктестер мен БАҚ өкілдері табыстайтын болады.

Сондай-ақ, Аяз атаға хат жазып, мекенжайын көрсеткен барлық балаға "Қазпочта" АҚ Аяз атаның атынан жаңа жылдық құттықтау жазылған түрлі-түсті хаттар мен компания атынан естелік сыйлық жіберетін болады. 

Аяз атаға хатты облыс орталықтарындағы барлық басты почтамттардағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы "Мега" ОСО, Астана қ. "Керуен" ОСО, Павлодар қаласындағы "Батыр Молл" ОСО-дағы арнайы жәшікке салу арқылы жіберуге болады. 

Шалғайдағы ауыл тұрғындары пошта бөлімшесінің операторы арқылы өз хатын беруі қажет, ол хатты Аяз атаға жеткізетін болады.

Жаңалықтар
0