Мәдениет

Наурыз, күрес, қатырма ЮНЕСКО мәдени мұрасы тізіміне енуі мүмкін

© Sputnik / Анатолий Устиненко"ТойҚазан 2016" 10
ТойҚазан 2016 10 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне Наурыз, қазақша күрес және қатырма нан енуі мүмкін. Қазақстанның бұл ұсынысы қараша соңында Аддис-Абебе қаласында өтетін материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комитет отырысында қаралады.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне Наурыз, қазақша күрес және қатырма нан енуі мүмкін. Қазақстанның бұл ұсынысы қараша соңында Аддис-Абебе қаласында өтетін материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комитет отырысында қаралады деп хабарланды БҰҰ жаңалықтар орталығы сайтында.

Алдағы отырыста мәдени мұра тізіміне Наурыз мерекесімен қатар тағы да басқа ұлттық құндылықтарды енгізу мәселесі қаралады. "Мұндай өтініш бірнеше мемлекеттерден келіп түсті – Әзербайжан, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан", — деп хабарланады сайтта.

Сонымен қатар, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия материалдық емес мәдени мұра тізіміне тандыр нан пісіру дәстүрін енгізуді ұсыныпты. Әр елде бұл әр түрлі аталады: лаваш, қатырма нан, жупка, юфка. Қазақстан Әлемдік мұраға қазақша күресті енгізуді сұрап отыр. 

Жаңалықтар
0