Экономика

Қазақстанда ақшалай доллар сатып алу азайды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылғы жылы он ай ішінде Қазақстан халқы былтырғы жылмен салыстырғанда он есе аз доллар сатып алды.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Қазан айында халықтың шетелдік валютаға сұранысы одан сайын төмендей түсті деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі

"2016 жылғы қазанда халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі 304,0 млн АҚШ долларын құрады. 2016 жылғы тамыздағы маусымдық күрт өсуінен кейін шетел валютасына деген сұраныс қазанда төмендеді. Қыркүйекпен салыстырғанда халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуы 6,6%- ға қысқарды", — делінген баспасөз қызметі хабарламасында. 

Ведомство мәліметінше, тұтастай алғанда биылғы жыл халықтың қолма-қол АҚШ долларын сатып алу көлемінің айтарлықтай төмендеуімен сипатталады. Мәселен, өткен жылдың қазанымен салыстырғанда көрсетілген шетел валютасын нетто-сатып алу көлемі 40,1%-ға, ал 2014 жылғы қазанмен салыстырғанда 84,0%-ға қысқарды. 

ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Теңгенің құпия түрде пайда болуы: Қазақстан ұлттық валютасына 23 жыл

2016 жылғы 10 айда АҚШ долларын нетто-сатып алу 2015 жылғы қаңтар-қазандағы көлемнен 10,5 еседен аса аз болды, бұл 2001 жылдан бергі бүкіл бақылау кезеңіндегі ең төмен көрсеткіш болып табылады. 

Ұлттық банктің хабарлауынша, халықтың АҚШ долларын жалпы сату көлемі соңғы 5-6 жылдағы орташа деңгейде, ал халықтың АҚШ долларын жиынтық сатып алу көлемі екі еседен аса азайды. Осылайша, халықтың қолма-қол АҚШ долларына деген сұранысының төмендеу үрдісі жалғасуда дейді Ұлттық банк.

Жаңалықтар
0