АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігі және шығысында тұрақсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
"Қазақстандағы өте суық ауа-райын ұстап тұрған қуатты антициклон, жылы және ылғалды атлантикалық ауа қысымының салдарынан ақырындап бұзыла бастайды", — делінген хабаламада.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23 м/с, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с болады.
Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.