АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Елена Бахмутова "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес АҚ-ның Басқарма төрайымы болып сайланды, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік қор,ау министрлігі.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы №101 бұйрығымен Елена Леонидовна Бахмутова "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ӘМСҚ) Басқарма төрайымы болып сайланды.
Осы бұйрық ӘМСҚ жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Әр жылдары Елена Бахмутова ҚР Ұлттық банкінің қаржылық бақылау департаментінің директоры, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2012 жылдың қаңтарынан бастап Елена Бахмутова "Самұрық – Қазына" (бұдан әрі – Қор) басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылдан бері басқарушы директор-басқарма мүшесі болып қызмет істеді, Қордың қаржылық тұрақтылығы, корпоративтік қаржы, инвестициялық және бюджеттік саясат салаларына жетекшілік етті.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін "Парасат", "Құрмет" ордендерімен, "Астана" және "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медальдерімен марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған.