АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Боран соғып желдің күшеюіне байланысты Қазақстанның бірқатар аймақтарынада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайты.
Астана қаласы мен Ақмола облысында 23 күндіз, 24-25 қарашада тәулік бойы қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.
24-25 қарашада Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар, кей жерлерде қатты бұрқасын күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде.