АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Қазақстан халқының патриоттығы қаншалықты мықты екенін бүгін әлеуметтік желілерден байқауға болады. Бәрі оңай – ел туының асында селфи жасап, постыңды Қазақстанға арна да #ILOVEKZ хэштегін қойсаң болғаны.
Бірінші болып шараны өз парақшаларында Қазақстан мемлекеттік туының маңында түскен суреттерін жариялап жатқан қазақстандық эстрада жұлдыздары қолдады. Осылайша, олар өз оқырмандарына үлгі болып, еліне деген махаббатты білдіруге ұсыныс тастап отыр.
Шараға қазақстандық әншілер Қыдырәлі Болманов зайыбы Қарақат Әбілдинамен, Беркут, олимпиада чемпионы Илья Ильин, жүргізуші Назым Ғаділбек сонымен қатар басқа да қазақстандықтар.