Қоғам

Елбасыға үндеу жолдаған баланың анасы: Замир президентімізді жақсы көреді

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында ғаламторда жарияланған бейнежазбада бес жасар бала Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді екі жасынан бері армандағанын айтады.

АСТАНА, 22 қар – Sputnik. Бес жасар Замир Рүстемұлының анасы Эльмира Әбетжанова Sputnik Қазақстан агенттігіне баласының ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа неліктен үндеу жолдағаны туралы айтып берді. 

Бұдан бұрын Әбетжанова ғаламторда Елбасымен кездескісі келетін бес жасар бала туралы бейнежазба жариялаған еді. Бала президенттің бос уақыты болса, оған қонаққа келуге уәде береді. Замир екі жасынан бері мемлекет басшысымен кездесуді армандайды екен.

Эльмира Әбетжанованың айтуынша, Замир – отбасындағы жалғыз бала. Ол Павлодар облысы Лебяжье ауданы Аққу ауылында ата-анасының қолында  тұрады. Жеткіншек мектептің даярлық сыныбында оқиды.

"Замир сабақты жақсы оқиды, үлгерімі өте жақсы, өзі елгезек әрі белсенді бала, әр нәрсе жайлы өз пікірі бар", — дейді Әбетжанова Sputnik Қазақстан агенттігіне телефон арқылы.

Бүлдіршін сурет салғанды жақсы көреді. Тіл үйренуге құлшынысы мол – қазақ  тілінен басқа, орыс тілін біледі, өз бетімен онлайн-режимде ағылшын тілін үйреніп жүр. Сонымен қатар, Замир гимнастикамен шұғылданады екен.

"Ол бар болғаны президентпен кездесіп, қолын алғысы келеді. Біз туралы пәтер, ақша, атақ дәметіп жүр, президент шыршасына қатысқысы келеді деген қаңқу сөздер тарап кетті. Алайда баламыз ештеңеден таршылық көріп жүрген жоқ, жағдайымыз жақсы. Бұл баланың арманы ғой – Замир президентпен жолыққысы келеді", — дейді 27 жасар ана.

Баланың анасы – тілші, аудармамен айналысады, тапсырысқа өлең жазады. Ал әкесі жанармай бекетінде басшы болып қызмет етеді.

Жаңалықтар
0