АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Алматы облысында 16 қарашадан бері тоқтамай жауып жатқан қар жолдар мен таулы аудандардағы қауіпті сақтап тұр, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.
"21-22 қарашада Алматы облысының таулы аудандарында қар жамылғысының биік және орнықсыз болуына байланысты қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда.
Қар көшкінің қоздыру мүмкіндігіне байланысты тік қарлы тау бөктеріне шығуға болмайды", — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 21 қараша сағат 12:00-ден бастап Алматы облысында "Үшарал-Достық" автожолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық учаскесінде де боран салдарынан жол жабылды. 20:30-дан Алматы-Өскемен республикалық маңыздағы а/ж 558-615 шақырымындағы учаскесінде жол жол жабы. Осы ретте бұл шектеу көліктің барлық түрлеріне енгізілді.