АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде қар жаумайды. Тек солтүстік пен оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің күші 15-20 метр/секунд болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысында түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын болады. Қарағанды облысында да желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді.
Шығыс Қазақстан облынысың кей жерлерінде тұман түседі.