Саясат

Дәулет Ерғожин ҰҚК басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

© Photo : Страница фонда "Самрук-Казына" на FacebookДәулет Ерғожин.
Дәулет Ерғожин. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәулет Ерғожин ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінде Қабдылкәрім Әбдіқазмовтың орнын басты.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметіне Дәулет Еділұлы Ерғожин тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Қабдылкәрім Ратайұлы Әбдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметінен босатылған. 

Бұған дейін Ерғожин ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетін басқарған. 

Дәулет Еділұлы Ерғожин 1979 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы – Экономика және құқық университетін, 2003 жылы – Саффолк Университетін (Бостон, АҚШ) тәмамдаған.

2003-2005 жылдары – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ Солтүстік-Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары. 2005-2006 жылдары – "ҚазМұнайТеңіз" "Теңіз мұнай компаниясы" АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары. 2006 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі міндетін атқарушы, Премьер-Министрдің орынбасары-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің арнайы бөлімінің бастығы. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы.

2012 жылғы ақпаннан қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2012 жылғы қарашадан ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0