АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Мұнайдың әлемдік бағасы дүйсенбіде өсімін жалғастыруда; Brent мұнайының бағасы 2 қарашадан алғаш рет барреліне 48 АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды РИА Новости сауда деректеріне сілтеме жасай отырып.
Астана уақытымен 19.35-те Brent маркалы солтүстік мұнай қоспасына қарашалық фьючерстер құны бір барреліне 2,62%-ға 48,09 долларға дейін, WTI — 2,52%-ға 47,53 долларға дейін өсті.
Баға өсімінің басты факторы ОПЕК елдері мен Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдемелері болды. Ол ОПЕК пен өзге мұнай шығару елдері арасында мұнай өндіруге шектеу қою бойынша келісімге қол жеткізуге үміт береді.