АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында иіс тиіп уланып алты адамнан тұратын бүтін бір отбасы ауруханаға түсті. Олардың төртеуі екі жас пен сегіз жас аралығындағы жас балалар, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ТЖ облыстық департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға Шал ақын ауданының Жаңасу ауылында орын алған. "Тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің жапқышын уақыттан бұрын жабу салдарынан иіс тиіп уланып алты адамнан тұратын бүтін бір отбасы ауруханаға түсті: күйеуі мен әйелі олардың екі және сегіз жас аралығындағы балалары. Иіс тию өрттің шығуысыз пешті пайдаланудан орын алды", — деді төтенше жағдайлар департаментінде.
Үй иесінің сөзіне қарағанда, қаты отынның жанып біткеніне көз жеткізбей, ол пештің қақпасын жауып қойған. Одан кейін барлығы жатып қалған. "Таң ертең оянғанда бүкіл отбасы өздерін нашар сезінген, бастары айналып, құсқылары келген. Олар бірден елді мекенің фельдшеріне жүгінген. Ол оларды Шал ақын ауданының ауруханасына жеткізген", — деп түйді ведомствода. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.