АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Сейсенбі, 22 қараша күні сағат 13:30-да Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында толеранттық күніне арналған "Посткеңестік кеңістіктегі мультикультурализм мәселелері" Астана – Минск – Баку – Кишинев бейне көпірі өтеді.
Пікірталасқа қатысуға Астанадан шақырылған қонақтар:
— Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы ассамблеясының кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Анатолий Башмаков;
— Тарих ғылымдарының кандидаты, халықаралық қатынастар факультетінің дінтану кафедрасының доценті Таисия Мармонтова.