Қоғам

Дүниежүзілік сәлемдесу күні: мал-жан аман ба?

© Public DomainСәлемдесу
Сәлемдесу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүниежүзілік сәлемдесу күні 21 қарашада тойланады. Қазақстанда аға буын өкілдері дәстүрге сай "мал-жан аман ба?" деп сәлемдеседі, ал жастар қысқа да нұсқа "сәлем!" дейді.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Әр халықтың  өзінше сәлемдесу дәстүрі бар, бірақ халықаралық этикетке сәйкес – кездескен сәтте біз бір-біріміздің амандығымызды тілеп, "күнің жақсы өтсін" деп жатамыз. 

Бұл ерекше мереке 1973 жылы пайда болды, "қырғи-қабақ" соғысы өршіп тұрған кезде Небраска штатының тұрғындары Брайан мен Майкл Маккорман халықаралық шиеленістің күшеюіне наразылық білдіріп, дүниежүзінің түпкір-түпкіріне сәлемдесу хаттарын жіберді.

Ағылшындар "How do you do?" деп амандасады, бұл ағылшын тілінен тура аударғанда "Қалай істеп жатырсың?" дегенді білдіреді, француздар  "Comment ca va?" деп сұрайды – "Қалай жүріп жатыр?", немістер "Wie geht's?" дейді – "Қалай жүріп жатыр?". Итальяндықтар адамның шаруасы қалай жүріп жатқанына басын қатырмайды, кездескен кезде олар "Come sta?" – "Қалай тұрсың?" деп сұрайды, ал қытайлықтар "бүгін тамақ іштің бе?" дейді, зулустар: "Мен сені көрдім" дейді, ал үнді жұртшылығы бірден "Бәрі жақсы!" деп тіл қатады. 

Самоа аралының халқы кездескен кезде бір-бірінің қайдан келгенін білу үшін иіскейді. Тибетте адамдар бір-біріне тілін шығарып амандасады. 

Мұсылмандардың әлемге әйгілі "Салам!" сөзі "Саған тыныштық тілеймін" дегенді білдіреді, еврейлердің "Шаломы" да сондай мағына береді. 

Қазақтардың сәлемдесу дәстүрі ерте кезден қалыптасқан. Әсіресе, әйел адамның амандасуына ерекше мән беріледі. Қазақтарда әйел адамның сәлем беруі оның сыпайылығы мен білгірлігінің белгісі болған. Қыз-келіншектер ешқашан қол беріп амандасқан емес. Олар келе жатқан адамды көрсе, 3-4 қадам қалған кезде тоқтап, көзін төмен салып, ақырын ғана "Сәлеметсің бе!", "Есенсің бе?" деп сәлемдескен. 

Қазіргі таңда қазақ қыз-келіншектері өзге адамды кезіктіргенде көзін төмен салып амандаспайды, дегенмен қазақ жанұяларында әлі күнге дейін ұл-қыздарға "үлкенге жол бер" деп үйретіледі. 

Жаңалықтар
0