Оқиға

Алматы облысында пеш жарылып екі адам қаза тапты

© Photo : пресс-служба ДЧС Алматинской областиАлматы облысындағы пеш жарылысы
Алматы облысындағы пеш жарылысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үйге от жағып жатқанда, қатты аяздан қатып қалған пеш жарылып кетті. Үй иелері бірнеше күн бойы от жақпаған көрінеді, бұл жүйенің бұзылуына әкеп соқты.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Талдықорғанда пеш жарылып екі адам қаза тапты деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қатты отынмен жұмыс істейтін жылытқыш пеш 20 қараша күні Талдықорғандағы Щорса көшесінде жарылған. Жарылыс орнында өрт сөндірушілер үш адамды тапты, олардың екеуі оқиға орнында көз жұмды, үшіншісі әр түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.

"Жарылыс құдықтарды бұзғанымен, өрт шықпаған. Үйдегі жылыту жүйесі қатты аяз бен бірнеше күн бойы от жақпаған үй иелерінің бейқамдығы салдарынан бұзылған. Үйге от жақпақшы болғанда, жүйе шыдас бермей, жарылып кеткен", — деп түсіндірді өңірдің ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев.

Ауруханаға жатқызылған ер адамның жағдайы бір қалыпты.

Жаңалықтар
0